«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығына өзгеріс пен түзетулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасы бойынша БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 20 қыркүйектегі № 607 бұйрығына өзгеріс пен түзетулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

         Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығы туралы дәлелдері жоқ Қазақстан Республикасының аумағындағы адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі ішкі істер органдарының құзыретін іске асыру болып табылады.

         Қазіргі уақытта құқықтық мәртебесі белгісіз азаматтарды есепке алу жүзеге асырылмайды, сәйкесінше олардың нақты саны белгісіз, себебі олар көбінесе ресми тіркеуден тыс қалады.

         Осыған байланысты, құқықтық мәртебесі белгісіз адамдарды анықтаған кезде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін мемлекеттік органдар мен белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының кешенді өзара іс-қимылы, ішкі істер органдарының есебі мен бақылауын жүргізу қажет.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

         Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қызмет бағыты