Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2024 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге қол қойылды.
Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін мамандар даярлау көзделген, бұл кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, тәжірибе алмасуға және осы саладағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің пенитенциарлық қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Осы Келiсiмдi қабылдау республикалық бюджеттен қосымша бюджет шығындарын талап етпейдi.
Келісім Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.