ПРЕСС-РЕЛИЗ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасына «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы»

Түзетулер жобасы құжаттардың көшірмелерін және автокөлікті тіркеу ісін ұсыну, автокөліктің болуы туралы ақпарат беру және көлік құралдарының транзиттік және тапсырысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру мәселелерін реттеу шеңберінде әзірленді.

Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін нақтылау арқылы көлік құралдарын тіркеу мәселелерін реттеу болып табылады.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді.

Жобаны жүзеге асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Қызмет бағыты