«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындау тәртібін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес ІІМ бірқатар бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Қоғамдық жұмыстарға сотталғандарға «Қоғамға қарызды қайтару» деген жазуы бар арнайы кеудешелер киіп жүру міндетін енгізу ұсынылады. Бұл шара қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар арасында тәртіпті арттыруға бағытталған.
Бұдан басқа, түзетулер жергілікті атқарушы органдар мен пробация қызметтері арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратуды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету тәртібін реттеуді көздейді.
Жобаға сәйкес, арнайы кеудешелерді беру әкімдіктердің құзыретіне жатқызылады, ал жазаның орындалуын бақылау пробация қызметі инспекторларының құзырында қалады.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.