«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Жоба «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР Заңын, «Еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді беру және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі №353 бұйрығын, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы №214-V ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаның мақсаты «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес келтіру, редакциялық сипаттағы өзгерістер, сондай-ақ 1-1 қосымшалар болып табылады.
Жобаны іске асыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе өзге де жағымсыз салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді. Жоба қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейтінін ескеру маңызды.