«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

Мемлекет басшысы резервте әскери қызмет өткерудің құқықтық негіздері мен шарттарын қалыптастыруды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      О.А. Бектеновтің 2025 жылғы 5 мамырдағы №71-ө өкіміне (қабылдануы Заңмен негізделген құқықтық актілер тізбесінің 32-тармағы) сәйкес «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрықтың жобасымен әскери қызметке кандидаттар санатына (ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында медициналық куәландыруға жататын) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кандидаттар енгізілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларының 3-тармағының екінші бөлігінің, 138-тармағының
4) тармақшасының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 4-тармағының,
14-тармағының 1) тармақшасының редакциясы Заңның 1-бабының 13 және
15-тармақтарына сәйкес келтірілген.