«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы» ІІМ мен ЦДИАӨМ бірлескен бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды іске асыру шеңберінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-режимде жеке сәйкестендіру нөмірін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған бірлескен бұйрықтың жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты - «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсетуді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 2026 жылғы
1 наурызға дейінгі мерзімге қолданыстағы тәртіпке балама ретінде онлай-форматқа ауыстыру.
Мобильді қосымшаны енгізу мемлекеттік қызметті көрсетуді сапаның және ыңғайлылықтың қағидатты жаңа деңгейіне шығарады. Қосымша қызметке тәулік бойы кіруді, пайдаланушыға өтінім беру мүмкіндігін береді, мәртебені бақылап, барлық қажетті ақпаратты жедел алуды қамтамасыз етеді.
Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі өтінімді ресімдеу кезінде адами фактордың болмауы болып табылады. Процестерді автоматтандыру деректерді қолмен өңдеумен байланысты қателерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ЖСН ресімдеу процесінде «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйемен интеграциялау көзделген – атап айтқанда, паспорттың чипінен шетелдіктіктің фотосуретін алу және кейіннен жеке басын биометриялық сәйкестендіру бөлігінде.
Жобаны іске асыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық немесе өзге де теріс салдарларға әкеп сгоқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді. Жоба қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейтінін атап өту маңызды.