ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жол қозғалысы саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында Ішкі істер министрінің «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленіп, оған келесі өзгерістерді енгізу ұсынылады:

1) Көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралының идентификациялық нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары (2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрық):

   - Жолдарда жұмыстарды орындау кезінде, ірі габаритті және қауіпті жүктерді, балаларды және басқаларды тасымалдауға арналған автобустарға ілесіп жүретін көлік құралдарына магнитті бекітпесі бар қызғылт сары жарқылдауық маяктарды техникалық құжатына өзгеріс енгізбей қолдануға рұқсат етіледі;

- Азаматтардың тұрғылықты жерінің аймағына қарамастан бұрын алған аса жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерімен автокөлікті тіркеу мүмкіндігі енгізіледі, яғни, басқа облысқа көшіу кезінде азаматтар ескі аса жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірімен автокөлікті тіркеу мүмкіндігіне ие болады;

- электрондық үкімет порталы немесе банк қосымшалары арқылы көлік құралдарын сату кезінде бір аймақ шегінде сұраныстың жоғарылау нөмірлерін қоспағанда (автокөлікті нөмірімен сату),бұрынғы мемлекеттік нөмірді сақтап қалу мүмкіндігі енгізіледі;

- есептен шығарылған көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін сақтау мерзімін 30 тәулікке дейін шектеу (қазір азаматтардың өтініштері бойынша бұрынғы қолданыстағы мемлекеттік нөмірлерін  сақтау 6 айды құрайды).

2) 2015 жылғы 19 желтоқсандағы «Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» № 1040 бұйрығынан  шетелдіктердің және шетелдік қатысушы заңды тұлғалардың көлік құралдарынан «Н», «М», «F» сериялы сары фонды мемлекеттік нөмірлері алып  тасталынады, яғни шетелдіктерге Қазақстан азаматтарымен қатар ақ фонды мемлекеттік нөмірлер беріледі.

3) Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызмет атқару жөніндегі нұсқаулығына (2023 жылғы 15 ақпандағы № 164 бұйрық) патрульдік-бекеттік қызметі полиция қызметкерлерімен қызмет өткеру бөлімінде бұзушылықтарды бекіту үшін планшеттерді, мобильді телефондарды және басқа құрылғыларды қолдану мүмкіндігі.

4) Жол жүрісі қағидалары (2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрық) бөлігінде:

- көріну жеткіліксіз болған жағдайларда барлық жолдарда көлік құралдарының ең жоғары қозғалыс жылдамдығын 60 шақ/сағ. дейін шектеу;

- колоннада көлік құралдарының қозғалыс тәртібін айқындау;

- елді мекенде жүк көлік құралдарының жылдамдығын 50 шақ/сағ. дейін төмендету;

- қоғамдық көліктердің аялдамаларында автобустардың (М2 және М3 категориялары) тоқтау мүмкіндігі;

- көлік құралдарын қысқы және жазғы кезеңде шиналармен жабдықтау бойынша талаптарыд енгізу.

Осы бұйрықтың қабылдануы жол-көлік кешенінің тиімді және қауіпсіз жұмыс істеуін, жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүддерлерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызмет бағыты