«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
Ішкі істер министрлігі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын әзірледі (бұдан әрі - бұйрық жобасы).
Бұйрықтың жобасы біліктілік сипаттамаларын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында өткізілген ұйымдастыру-штаттық іс-шараларға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында лауазымдардың мынадай біліктілік сипаттамаларына өзгерістер мен толықтыру көзделген:
1) ҚР ІІМ ОӘДК штаттық кестесінде жаңа лауазымның енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы төрағасының - Басқарма бастығының орынбасары - дәрігер лауазымының лауазымдық міндеттері мен біліктілігіне қойылатын талаптар регламенттелген;
2) медициналық тіркеуші лауазымының біліктілік сипаттамалары алынып тасталды;
3) медбикенің лауазымдық міндеттері медициналық тіркеуші лауазымының жойылуына және медициналық тіркеуші міндеттерінің медбикелерге жүктелуіне байланысты толықтырылды.
Бұйрық жобасын қабылдау қосымша бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында (Ашық НҚА) танысуға болады.