«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына ішкі істер министрлігіне жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығында оқу курстарынан өту қағидаларын және оларды бітіргені туралы куәліктердің үлгілерін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретті беру бөлігінде толықтырулар енгізу болып табылады.
Жоғарыда аталған функция заңнамадағы олқылықты жояды, өйткені оқыту тәртібі мен куәліктердің үлгілері ІІМ-нің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 «Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығында регламенттелген (Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 наурызда тіркелген № 10557).
Қаулы жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.