Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай мерзімін белгілеу бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 27-2-бабының 9-тармағына, сондай-ақ Элекрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде құжаттарды сәйкес келтіру туралы хабарламаны жіберу бөлігінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру мақсатында сәйкес келтіру болып табылады.

Бұйрық жобасында:

1) кеңседе тіркелуге 1 жұмыс күнін қоса отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірыңғай мерзімін 8 жұмыс күні белгіленіп, Қағидаларда да, Тізбеде де сәйкестікке келтіру;

2) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтіні және оны сәйкестендіру мерзімі көрсетілген хабарлама жіберілетіні нормамен толықтырылсын.    Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер хабарламаны алған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын талаптарға сәйкес  келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА: legalacts.egov.kz) порталында танысуға болады.