«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық істерін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, тіркеу және қарау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
Бұл Нұсқаулық бірізді тәртіпті белгілейді, әкімшілік құқық бұзушылық істерін жүргізу процедурасын егжей-тегжейлі сипаттайды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Осы Нұсқаулықтың қабылдануы әкімшілік іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесін жетілдірудің қажетті қадамы болып табылады. Оның енгізілуі полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріндегі бірізділікті және әкімшілік бақылаудың тиімділігін арттырады.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.