«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулыр енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына негізделген заңға тәуелді  актілерді уақтылы бекіту, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығын (2023 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістермен) орындау үшін, сондай-ақ заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын біріздендіру мақсатында әзірленді.

Мәселен, жаңа Бюджет кодексінің 70-бабы шеңберінде заттай нормалар жаңа редакцияда жазылды.

«Құқықтық актілер туралы»  ҚР Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодекс актілерін қоса алғанда, жоғары тұрған деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.

Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.

Қызмет бағыты