«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медициналық, әскери-медициналық ұйымдарын, мекемелерін және Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарын медициналық техникамен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және ветеринарлық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медициналық, әскери-медициналық ұйымдарын, мекемелерін және Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарын медициналық техникамен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және ветеринарлық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бюджет кодексінің жаңа редакциясын қабылдау негізінде «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медициналық, әскери-медициналық ұйымдарын, мекемелерін және Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарын медициналық техникамен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және ветеринарлық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 314 бұйрығының күші жойылды деп танылуға тиіс.

Заттай нормалардың жаңа редакциясы қосымша бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында
(Ашық НҚА) танысуға болады.