«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің сипаттамасын, айырым белгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 707 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына енгізілген өзгерістер негізінде министрліктің нормативтік базасын сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.