«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы №6 «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Төрағасының лауазымы қысқартылып, «Министрдің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы» лауазымы енгізілді.
Осыған байланысты жобада мынадай өзгерістер енгізіледі:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ережесінде (2-қосымша) 16 және 17-тармақтар жаңа редакцияда жазылады.
Мәселен, 16-тармақта «Төраға» деген сөз «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы (бұдан әрі-төраға)» деген сөздермен ауыстырылады.
17-тармақта «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрі» деген сөз «Ішкі істер министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентімен» деген сөздермен ауыстырылады.
19-тармақтың 3) тармақшасында «Министрлік басшылығына» деген сөз «Министрге» деген сөзбен ауыстырылады.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.