«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 764 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесіне өзгеріс енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасын дайындады.

Бұйрықтың жобасы ҚР «Білім  туралы» Заңының 5-1-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді, оған сәйкес ӘАОО-ға ҚР ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті берілген.

Жобаның мақсаты – Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының тізбесін қазіргі заманғы стандарттарға келтіру арқылы ведомстволық білім берудің білім беру саясаты жүйесін жетілдіру.

Жоба «Қоғамдық қауіпсіздікті» оқыту бағытына келесі білім беру бағдарламалары енгізілді:

- Басқару академиясында – «7М12301-Құқық қорғау қызметі» (ғылыми және педагогикалық бағыт), «7М12302-Құқық қорғау қызметі» (бейіндік бағыт), «8D12301-Құқық қорғау қызметі»;

- Қарағанды академиясында – «6В12303-Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл»; «7М12303-Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» (ғылыми және педагогикалық бағыт), «8D12302 -Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл»;

- Қостанай академиясында – «6В12306-Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар».

Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасының мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында танысуға болады.

Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты