«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына негізделген заңға тәуелді актілерді уақтылы бекіту, сондай-ақ 2015 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Мәселен, жаңа Бюджет кодексінің 70-бабы шеңберінде заттай нормалар жаңа редакцияда жазылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметтік жануарлармен қамтамасыз ету нормаларынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқылармен қамтамасыз ету нормалары және жылқыларды өсіру бойынша нормалар алып тасталады.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер жоғары тұрған деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.