«Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының жанар және жағармай материалдары қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Заңының қабылдануына негізделген заңға тәуелді  актілерді уақтылы бекіту мақсатында әзірленді.

Мәселен, жаңа Бюджет кодексінің 70-бабы шеңберінде заттай нормалар жаңа редакцияда жазылды.

«Құқықтық актілер туралы»  ҚР Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексін қоса алғанда, жоғары тұрған деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.

Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.

Қызмет бағыты