«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны онлайн форматта құжаттауды жүргізу туралы электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы жеке куәліктің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты халықты құжаттандыру қызметтері бойынша» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде және мемлекеттік қызметті көрсету процессінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктерді, паспорттарды беру мәселесі бойынша халыққа қызмет көрсету  сапасын арттыруды жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру  мақсатында әзірленген.

Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін, атап айтқанда мерзімінің өтуіне байланысты жеке куәлікті беруді альтернативті нұсқа ретінде алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 2026 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде онлайн форматқа көшіру болып табылады.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық және өзге теріс салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейді. Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Қызмет бағыты