Баспасөз-релиз «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына
Бұйрықтың жобасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бюджет кодексінің жаңа редакциясын қабылдау негізінде бұрын әділет органдарында тіркелген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 248 бұйрықтарының күші жойылды деп тануға жатады.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.