«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жаңа Бюджет кодексінің қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөліністері үшін көлік құралдарының заттай тиесілік нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

ІІМ құрылымындағы ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер шеңберінде тиесілік нормаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді және шығындар оңтайландырылды.

Жобаны iске асыру жергiлiктi және республикалық бюджеттерден жыл сайын бөлiнетiн ақша қаражаты шегiнде жүзеге асырылатын болады және қосымша бюджеттiк қаражат бөлудi талап етпейдi.

Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.