«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі
Бұйрықтың жобасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бюджет кодексінің жаңа редакциясын қабылдау негізінде бұрын әділет органдарында тіркелген «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығы және «Қазақстан Республикасы полиция, ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 552 бұйрықтарының күші жойылды деп тануға жатады.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА) порталында танысуға болады.