«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бұйрығына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазіргі уақытта Мәжілістің қарауында жаңа Бюджет кодексінің жобасы тұр. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 05 маусымдағы № 448 бұйрығын қайта бекітеді және күшін жоюға қояды.
Тамақтану мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына қатысты өзгерістер жоқ.
Үкіметтің заң шығару жұмысының ережелеріне сәйкес жария талқылаулардың басталғаны туралы хабардар етеміз.