«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің бұйрығына «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

 Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы Заңымен  34-бап (кадр резерві) «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңынан алынып тасталды.

Жобаның мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты