«Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Жоба Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, сол тектестер және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңының 8-бабына сәйкес әзірленген.

Қаулы жобасы бекітілген стандарттар шегінде заңды мақсаттарда пайдаланылатын бақыланатын заттарды бөлу кезінде мемлекеттік жоспарлауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квотасын бекітуді көздейді.

Үкімет қаулысының қабылдануы мүдделі мемлекеттік органдарды ағымдағы жылы медициналық ғылымизерттеу және өндірістік мақсаттарға есірткі құралдарымен психотроптық заттармен және прекурсорлармен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Қаулы жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер порталында танысуға болады.

Сіздерді осы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.