«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бюджет кодексінің жаңа редакциясын қабылдау негізінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекітутуралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы №800 бұйрығының күші жойылды деп танылуға тиіс.
Заттай нормалардың жаңа редакциясы қосымша бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жоба мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады