«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылы өткізген мемлекеттік аудит барысында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы бюджет қаражатын пайдалану іс-шараларының тиімділігі бойынша берген ұсынымдарын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 2 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленген.

Жоба келесі өзгерістерді қарастырады:

1. Ішкі істер министрлігінің уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіру функциясын алып тастау;

2. Ішкі істер министрлігін мынадай функциялармен қамтамасыз ету:

- есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу;

- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды азаматтарға босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдардың тізбесін келісу.

Жобаның мәтінемен ашық нормативтік-құқықтық актілер Ашық НҚА (egov.kz) порталында танысуға болады.