«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 2 қаңтардағы № 150-VIII Заңын іске асыру мақсатында әзірледі.
Қабылданған Заң шеңберінде «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңға 19-баптың 4-тармағы 5) тармақшасына әкәмшілік бұзышылықтарды денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғуды (ӘҚБтК-нің 73-1-б. 73-2-б) қылмыстық теріс қылықтарға ауыстыру бөлігінде (ҚК-нің 108-1-б 1 т. 109-1-б) түзетулер енгізілген, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін (ӘҚБтК-нің 440-1-б.) рұқсаттардың қолданылуын тоқтату жөніндегі нормамен толықтырылады.
Осыған байланысты азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздеріне жобамен сәйкес келтіріледі.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.