«Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №276 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық  жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты:

- есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру;

- жергілікті жерлердегі көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау. Себебі олардың объектілері мен үй-жайлары полиция департаменттерінің аумақтарында орналасқан;

- есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия беруді аумақтық полиция департаменттері бастықтарының қарауына беру. Ол артық әкімшілік кедергілерді жоюға және көрсетілетін қызметті алушылар үшін едәуір қолайлы жағдайлар жасауға, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылар құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, жинау және сатып алу, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар болып табылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.

Сіздерді осы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.