«Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 52-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөліністері (бұдан әрі-бөлініс) қызметінің тәртібін айқындайды.
Бөлініс қызметінің мақсаты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және халыққа тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Осы бөліністің қызметкерлері Ішкі істер органдарының барлық облыстық, қалалық және аудандық бөліністерінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша тікелей жұмысты жүзеге асырады.