«Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Нұсқаулықты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы Заңына «ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе)» және «бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг)» деген жаңа ұғымдар енгізіледі.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.