Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру болып табылады.

Бұйрық жобасында:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 2 жұмыс күніне қысқарту;

2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 27-2-бабының
9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге қайтадан жүгіну қажеттілігінсіз қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі нормамен толықтыру көзделеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер (Ашық НҚА: legalacts.egov.kz) порталында танысуға болады.