«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында әлемде телекоммуникация мен байланыстың жаңа құралдарын қолдана отырып жасалған қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасты.
Аталған проблеманы шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі дербес департамент құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Алайда, цифрландырудың ұлғаюына және интернеттің кеңінен қолданылуына байланысты фишинг, хакерлік, алаяқтық, дербес деректерді ұрлау және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді таратуды қоса алғанда, киберқылмыстардың саны тікелей пропорционалды түрде өсуде, осыған байланысты республиканың мегаполистеріндегі жергілікті бөліністерінің жедел ден қою қажеттілігі туындайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізді (2025 жылғы 5 қаңтардағы №1 ІІМ бұйрығы), елорданың әкімшілік-аумақтық аудандарында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністер («Алматы» ауданы ПБ, «Байқоңыр» ауданы ПБ, «Сарыарқа» ауданы ПБ, «Есіл» ауданы ПБ, «Нұра» ауданы ПБ) 25 штаттық бірлік санында қайта құрылды.
Алайда бөліністерді тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз ету киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармаларында (бөлімдерінде), Ішкі істер министрлігінің полиция бөлімдерінде (бөлімшелерінде) көзделмеген.
Осыған байланысты Үкіметтің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгеріс енгізу қажеттілігі туындайды.
Жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің жаңадан құрылған штат бірліктері тұрғын үй төлемдері көзделген криминалдық полиция қызметтері есебінен қолда бар штат санын ішкі қайта бөлу жолымен іріктелуіне байланысты талап етілмейді.
Осыған байланысты, ІІМ құрылымында ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты, ведомство ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін реттейтін нормативтік құқықтық актіге тиісті түзету енгізеді
Аталған Жобаны ашық түрде талқылауға қатысуға шақырамыз.