«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
ІІМ Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістеріне өзгерістер енгізуге бағытталған бұйрықтың жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
«Құқық қоғау қызметі туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтарға сәйкес «қызметке кандидаттың (цифрлық рейтингі)» жаңа ұғымы анықталды.
Жобаның негізгі мақсаты - ҚР Ішкі істер органдарында қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін анықтау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу бөлігінде құқық қорғау қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.