«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бұйрықтың жобасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кадр резерві жойылды. Бұдан басқа, ротациялауға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін енді Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді (бұған дейін бұл құқық қорғау органы басшысының құзыретіне кіретін).
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сіздерді осы жобаны жария талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қызмет бағыты