«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Заң жобасымен 2024 жылғы 29 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау көзделеді.
Келісімді ратификациялау Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастағы құқықтық базаны кеңейтеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау аталған саладағы екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау экономикалық, әлеуметтік және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекетінің арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға байланысты қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.