«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағы, 11-бабы 2) және 7) тармақшалары және 13-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Заң жобасымен 2024 жылғы 10 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау көзделеді.
Келісімді ратификациялау Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастағы құқықтық базаны кеңейтеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау аталған саладағы екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз құруға мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау экономикалық, әлеуметтік және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруға байланысты қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.