Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы № 607 Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қаулы жобасы Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының (Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығымен бекітілген) 11-тармағын іске асыру және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөліністердің қызметін нормативтік реттеу, сондай-ақ ІІМ құзыретін мас күйді куәландыруға жіберу, мас күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту мақсатында әзірленді.
Аталған құзыреттер Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы Ережеде мынадай редакцияда бекітілуге тиіс:
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандырылған бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді (15 тармақ 52-2 тармақшасымен толықтырылды);
- мас күйді куәландыруға жіберу, мас күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді (15 тармақтың 60 тармақшасына түзету енгізілді).
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында: Ашық НҚА (egov.kz) танысуға болады.
Қызмет бағыты