«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералды Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералды Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісім (бұдан әрі – Жоба) ІІМ әзірленді.
Келісімнің мақсаты - ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, әрбір мемлекеттің аумағында жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералды Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жасау болып табылады.
Келісімді ратификациялау ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, олардың аумағында жүрген адамдарды қабылдау және транзиттеу саласында Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасайды, сондай-ақ реттелетін салада ынтымақтастық тетігін жасауға және заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мәтінімен Ашық НҚА|НҚА (egov.kz) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.
Сізден осы жобаны жария талқылауға қатысуды сұраймыз.