«2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗЫ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің арасында  адамдарды мемлекетаралық іздестіру бойынша ынтымақтастық 2010 жылғы 10 желтоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына (Мәскеу қ.) сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылғы 8 қазанда Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің кезекті отырысында аталған Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.    

Хаттамаға сәйкес уағдаласушы тараптар қауіпсіздік және құқықтық тәртіп саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасында трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасуға байланысты қолданыстағы тетіктерді жетілдіруді көздейтін өзгерістерді енгізеді.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігімен «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы  шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның жобасы әзірленді.

Осы Заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржылық шығындарды талап етпейді.

Хаттама халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.

Қызмет бағыты