«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «5575 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Мемлекет басшысының Ұлттық ұлан бөліністерін нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «5575 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында (бұдан әрі – жоба) ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімін құру көзделеді.
Жоба шеңберінде Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесіне тиісті түзетулер енгізеді.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: Ашық НҚА/НҚА (egov.kz).
Сізді осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.