Астанада жаңа танысы ер адамды ұрып-соғып, ұялы телефонын және жеке заттарын тартып алған

Астанада жаңа танысы ер адамды ұрып-соғып, ұялы телефонын және жеке заттарын тартып алған

102 пультіне 36 жастағы қала тұрғыны жүгініп, бейтаныс жігіт оны тонап кеткенін хабарлаған.
Ер адамның айтуынша, түнде ол үйдің ауласында бейтаныс жігітпен бірге ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олардың арасында жанжал туындап, оның барысында жігіт ер адамды ұра бастаған. Содан кейін ол жәбірленушінің спорттық күртешесін, смарт-сағатын шешіп алып, "Samsung J3" маркалы ұялы телефонын тартып алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Дереу полицияның жеке құрамы жігіттің орналасқан жерін анықтауға бағытталды. Күдіктіні сипаттайтын егжей-тегжейлі бағдар жасалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері қаскүнемді "ізін суытпай" ұстады. Ол 25 жастағы жігіт болып шықты және мойындау көрсетпелерін берді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері ұрланған заттар мен ұялы телефонды алып, иесіне қайтарып берді.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертеді. Бейтаныс адамдар арасында болған кезде қымбат гаджеттер мен үлкен ақшаны көрсетпеуге тырысыңыз. Егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.

Қызмет бағыты