ТМД қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесінің қолдауымен өтетін Медиаконкурс

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы жыл сайынғы медиаконкурс өткізеді.
Конкурс құқық қорғау қызметін, мәдени-эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау мақсатында өткізіледі және ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыруға, қызметтің беделін арттыруға, қоғамның ақпараттық ортасында құқық қорғау органдарының оң қабылдауын нығайтуға бағытталған.
Конкурсқа ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері, ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ қызметкерлері мен қызметшілері (азаматтық қызметкерлер), сондай-ақ жасына байланысты шектеусіз қатысуға ниет білдірген өзге де адамдар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс номинацияларының тақырыптарына сәйкес фото және бейне жұмыстар қабылданады.