ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Қ.Н. ҚАСЫМОВ КӨШІ-ҚОН БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ІІМ-де өткен кездесуде Қазақстан Республикасы ІІМ мен Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның өзара бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды.
Бұған қоса, елімізде Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның адам саудасына қарсы күрес саласындағы (соның ішінде 2012 жылғы өзара түсіністік туралы бірлескен Меморандум аясында) ұлттық және өңірлік жобаларын орындау, ҚР-ның 2017-2020 жылдарға арналған көші-қон саясатын жүзеге асыру, сонымен бірге қауіпсіз, оңайлатылған және реттеуге қолайлы көші-қон туралы Жаһандық келісімшартты әзірлеу процесіне Қазақстанның қатысуы сияқты мәселелер де жан-жақты сөз болды.
Екі тараптың кездесуі өзара түсіністік пен емен-жарқын әңгімелесу түрінде өтті.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі