ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛЕКСЕЙ КАЛАЙЧИДИ АЛМАТЫДА БЛОГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЛЕКСЕЙ КАЛАЙЧИДИ АЛМАТЫДА БЛОГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Алматы қаласында блогерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Казнеттегі пікірлердің көшбасшыларымен кездесті. Дөңгелек үстелге ішкі істер органдары баспасөз қызметінің өкілдері де шақырылды.

Алексей Калайчиди Қазақстанның Ішкі істер министрлігі үшін полиция қызметіне деген халық сенімінің маңызы зор екенін атап өтті. Тұрғындардың әлеуметтік желілер мен мессендждердегі құқық қорғау тақырыптары туралы жарияланымдарға ерекше назар аударатынына тоқталды.

Кездесуге қатысушыларға құқық қорғау органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен бірге Алексей Калайчиди полиция қызметінің ашықтығын арттыру, әлеуметтік желілердегі қазақстандықтармен белсенді кері байланыс орнату, сондай-ақ «Жолда қабылдау» акцияларын өткізу мақсатында Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың берген тапсырмалары туралы айтып берді. Кездесу барысында блогерлердің проблемалық мәселелерді ғана көтеріп қоймай, өзекті тақырыптарды ашып айта отырып, ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша өз идеяларын да ұсынуы нұр үстіне нұр болды. 

ҚР ІІМ басшылығының блогерлермен алғашқы кездесуі наурыз айында Қазақстанның астанасында өткізілген болатын. Келесі жаңа кездесу Шымкент қаласында өткізілмек.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі