Павлодар облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Халықаралық қарттар күнімен құттықтау дәстүрін ұзақ жылдар бойы сақтап келеді.
Бүгін де бастықтың орынбасары Бауыржан Нұрманов пен жеке құрам қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкер Асылбек Бижановтың анасы –Умсанган Шәрімқұлқызына барды. Полицейлер әйелді мерекемен құттықтап, мықты денсаулық және ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ сыйлықтар берілді.
Жағымды рухани әңгімеден кейін үй иесі тәртіп сақшыларына қамқорлығы үшін алғыс айтты.
Бұл мереке-қарт адамдарға олардың жасы туралы еске салу емес, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен қарт адамдарға көп жылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен даналығы үшін алғыс айтуға тамаша мүмкіндік.
Мереке құрметіне Шарбақты ауданының полицейлері ішкі істер органдарының ардагерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады.
Басшылықтан және барлық жеке құрамнан ардагерлерімізге Кәсіби жетістіктері, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын. Осы тамаша және жарқын мерекеде ардагерлерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен амандық тілеймін, – деді кадр саясаты жөніндегі орынбасары Рустам Қизатов.
Өз кезегінде ардагерлер полицейлерге ұдайы көңіл бөлгені, қамқорлығы үшін алғыс айтып, полицейлерге қиын қызметтерінде табыс тіледі.