Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

 

Қарағанды облысының ПД мен “Болашақ” Қарағанды академиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының ПД мен “Болашақ” Қарағанды академиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум қабылдады. Құжатқа облыстың ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов пен Академия ректоры Құралбай Меңлібаев қол қойды.

– Біз ынтымақтастықты теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде жүзеге асыруға ниеттіміз. Атап айтқанда, бұл ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында семинарлар ұйымдастыру және қатысуды, сондай-ақ отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуды қамтиды, – деді Қ.Меңлібаев.

– Бұл меморандум Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында қабылданды. Оның мақсаты – серіктестік қатынастар орнату және ПД мен “Болашақ” академиясы арасындағы ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту. Мәселен, бағыттардың бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалтудың инновациялық әдістерін әзірлеу, – деді Қ.Ысмағұлов.