ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті

Криминалдық полиция департаменті – қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі.

КПД:

1) Басшылықтан;

2) Ұйымдастырушылық-аналитикалық және «А» қамтамасыз ету басқармасынан;

3) Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасынан;

4) Мүліктік қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасынан;

5) «К» басқармасынан;

6) Криминалдық іздестіру басқармасынан;

7) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан;

8) Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасынан (орналасқан жері - Алматы қаласы);

9) Кеңседен тұрады.

Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу, қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету;

2) азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау;

3) Криминалдық полиция департаментінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;

4) қылмыстарды ашудың отандық және шетелдік оң тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және ішкі істер органдарының практикасына енгізу.