Су тасқынынан зардап шеккен әрбір өңірге Қазақстанның ірі кәсіпкерлері бекітіледі

Су тасқынынан зардап шеккен әрбір өңірге Қазақстанның ірі кәсіпкерлері бекітіледі

Бұл туралы Қасымжомарт Тоқаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу барысында Тобыл қаласындағы жедел штабта мәлімдеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті. Оған машина жасау, тау-кен, тамақ және аграрлық өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ ҚХА жергілікті өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері мен студенттер қатысты.

Бізде Forbes тізіміне кіретін өте ірі кәсіпкерлер бар. Олармен әңгіме болады. Олар әр облысқа, ауданға, ауылға бекітіліп, атымен жауап береді. Бұл олардың да мүддесі үшін. Өйткені, олар өз үлестерінің нәтижелерін көреді. Өз халқына көмектесетін қайырымды жандар ретінде сіздің есімдеріңіз де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды деп ойлаймын",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.